Республика педагогтарының ғылыми-әдістемелік және өнер-білім орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығы негізінде ұйымдастырылған Республикалық “Алтын қазына” байқауына қатысып, “Қолөнер” номинациясы бойынша жұмысы үздік деп танылғаны үшін “Құлпынай” ересек топ тәрбиеленушілері
Сабиргали Оразәлі, Талгатова Адеми, Искалиев Амирхан, Серікқали Жанерке, Саркулов Амир - жүлделі І орынмен марапатталса, осы байқауда шәкірттерін қатыстырып, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Кужамкулова Замзагул Амангельдиевна Алғыс хатпен марапатталды. Әріптесімізді және бүлдіршіндерімізді жетістіктерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!