bkogov.kz Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің білім беру мекемесіміздің маңызды оқиғалары туралы ақпарат таба аласыз.
«Ақсай қаласының №1 бөбекжайы» МККК
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімі
bkogov.kz
Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің білім беру мекемесіміздің маңызды оқиғалары туралы ақпарат таба аласыз.
AA+
«Ақсай қаласының №1 бөбекжайы» МККК
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
«Калинка» ересек тобының "Біртұтас тәрбие" бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатырған «Терезе алдындағы бау-бақша» жобасы.
Жобаның мақсаты: балалардың жабық ортада өсімдіктерді өсіруге деген қызығушылығын дамыту арқылы ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне баулу.
Бау-бақша дегеніміз – өзіндік ерекше құбылыс. Оны күтіп-баптау, әркез суарып, арамшөптерін жұлу – қажырлы еңбекті қажет етеді. Жастайынан балаларды еңбекке баулып, айналасындағы тірі табиғатқа қамқорлықпен қарауға деген сезімдерін арттыру мақсатында топ тәрбиешісі Л.Т.Бакеева «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы деп "Адал еңбек" құңдылықтарын баланың бойына сіңіру жұмысы күнделікті жүргізуде. Бау-бақшаға уақытылы күтім жасау үшін әр күнге кезекші тағайындалып, жұмысты сүйіспеншілікпен жасауға тәрбиелеу назардан тыс қалмады. Балалардың әрқайсысы өз кезекшілігін асқан ынтызарлықпен күткенін ерекше атап өтсек болады. Балалар терезе алдындағы бау-бақшамыздың әрбір өсіп шыққан көкөніс пен өсімдіктеріне риза болып, қуаныштан жүздеріне күлкі ұялап, жасаған еңбегінің жемісін көріп жүр. Бұл жұмыстар арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, бау-бақшаның пайдасы жайлы ақпарат берілді. Бұл жоба тірі табиғатпен танысуға, өсімдіктердің сұлулығын бағалауға және олардың өсу процесінің нәтижесін түсінуге көмектеседі.
Тәрбиеші: Бакеева Л.Т.
2/5