Ұлыстың ұлы күні жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі жалпыреспубликалық
іс-шаралар тұжырымдамасына сәйкес «20 наурыз - Ұлттық спорт күні» ұлттық спорт түрлерін дамыту және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты шараға «Мүкжидек» тобының тәрбиеленушілері және олардың ата-аналары белсене қатысты. Іс-шара барысында «Қол күрес», «Ағаш тартыс», «Ептілікпен теңге алу» ойындары ойнатылды. Шара барсында балалар өздерінің өнерлерін көрсетіп, көркем сөздерің мерекеге тарту етті. Шараға қатысушы ата-аналар бөбекжайдың дене тәрбиесі шынықтыру нұсқаушысы Әділова Айнұра Кенжитайқызына алғысын білдірді.