Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық.
Би билейік, ойнайық, - демекші қазақ халқы күзді ырыс-береке деп ерекше қадір тұтқан.
Мінекей, өзіндік сиқыры бар алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келіп жетті.
"Құлпынай" ересек топ тәрбиеленушілері мен ата-аналары "Алтын күз" мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.
Балалар күз ханшасын шаттана қарсылап, тамаша әндері мен билерін тарту етті. Күз ханшасы "Жемістер мен көкөністер " айтысын тамашалады. Ал, ата-аналар ойындарға қатысып, жоғары деңгейде жасалынған "Күзгі композициясын" ұсынды.
Мерекеге ата-аналар мен балалар өте белсене қатынасып, көтеріңкі көңілмен үйлеріне тарқасты.
Тәрбиеші: З.А.Кужамкулова