bkogov.kz Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің білім беру мекемесіміздің маңызды оқиғалары туралы ақпарат таба аласыз.
«Ақсай қаласының №1 бөбекжайы» МККК
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімі
bkogov.kz
Мектебіміздің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің білім беру мекемесіміздің маңызды оқиғалары туралы ақпарат таба аласыз.
AA+
«Ақсай қаласының №1 бөбекжайы» МККК
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша консультациялық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін "Беске дейін үлгір" мобильді қосымшасы іске қосылуда. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдерінен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.
"Беске дейін үлгір" үйде балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық, тамақтану, тәрбие, дағдыларды дамыту және балалармен өзара іс-қимыл сияқты маңызды мәселелер бойынша қолжетімді және түсінікті мазмұн ұсынады. Қолданбаның барлық материалдары нейробиологиялық зерттеулердің ғылыми деректері негізінде әзірленген, бұл олардың жоғары тиімділігі мен практикалық құндылығын қамтамасыз етеді.
"Қазіргі уақытта қосымша пилоттық режимде және Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарында тестіленуде. Толықтай масштабтау қараша айында жоспарланған. Сондай-ақ, ата-аналар сабаққа мазмұнды идеялары мен практикалық кеңестер таба алатын консультациялық орталықтарда қолжетімді болады", - деп атап өтті мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамова.
Сонымен қатар, мобильді қосымша мектепке дейінгі ұйымдардың консультациялық пункттері арқылы қолжетімді болады. Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық сүйемелдеуді ала алады, бұл, әрине, отбасыларда салауатты және үйлесімді атмосфераны қалыптастыруға ықпал етеді.

2/5