Күннің екінші жартысында бөбекжай педагогтарымен бірге "Step аэробика" бой сергіту жаттығулары өткізілді.
Дене тәрбиесі - дене дамуына, денсаулықты нығайтуға, жұмыс қабілеттілігін жоғарылатуға және ұдайы өзін-өзі, оның ішінде сыртқы дене пішінін жетілдіруге қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған тұлғаны жетілдіру жүйесі. Сонымен қатар, күні бойы жұмыста көңілді, ширақ жүруге әсер етеді. Көңілді әуенмен сүйемелденген спорттық шара жұмыс барысында мотивация беріп, әркез сергек жүруге, шаршамауға көмек береді. Әркез спортқа жақын болайық. Дене тәрбиесі нұсқаушысы Әділова Айнұра Кенжитайқызы