1 сәуір – Халықаралық Құстар күні табиғатты қорғауға арналған маңызды экологиялық мерекелердің бірі. Бұл күн құстардың табиғаттағы рөлін, олардың сан алуандығын және қоршаған орта үшін маңыздылығын еске салу мақсатында атап өтіледі.Осыған орай бөбекжайымызда"Құстарға қамқор болайық" акциясы аясында"Мүкжидек" ортаңғы топ тәрбиеленушілері жемсауттарға жем салып,құстарға деген қамқорлықтарын көрсетті. Халықаралық Құстар күні – табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыратын, құстардың мекендеу ортасын сақтауға және олардың санын көбейтуге бағытталған іс-шараларға ерекше көңіл бөлетін маңызды мереке.Топ тәрбиешілері:Кожамкулова С.Г Такушева Қ.Е.
"Құстарға қамқор болайық"
4/1/2025